Белгілі актер Мұрат Бисембин өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі отандық кинематографияда өзіндік қолтаңбасын қалдырған белгілі актер, тележүргізуші Мұрат Бисембиннің өмірден озуына байланысты отбасы мен жақындарына, әріптестері мен барша өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мұрат Бисенбин – ұлттық кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан тұлға. Ол бірқатар фильмдер мен тележобаларда көрерменге кеңінен танылып, экранда жасаған көркем бейнелері арқылы отандық кинематография тарихында өз орнын алды.
«Өнер иесінің жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен адамдық болмысы ел есінде мәңгі сақталады деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!», - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын белгілі актер, сценарист, кинодраматург, «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден өткенін жазғанбыз.