Бектенов: Салық органдарының алдында тұрған міндет – қателіктер үшін жазалау емес, керісінше қателеспеуге көмектесу

Бүгін, 11:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бектенов: Салық органдарының алдында тұрған міндет – қателіктер үшін жазалау емес, керісінше қателеспеуге көмектесу
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов салық органдары бизнесті қолдау мен сүйемелдеуге баса назар аудара отырып, жаңа модель аясында кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасайтынын атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Негізгі маңызды өзгеріс – сервистік модельге көшу.

Кәсіпкерді тіркелген сәтінен бастап, қызметінің барлық кезеңінде фискалдық қолдау жүйесі енгізілуде.

Салық органдарының алдында тұрған міндет – қателіктер үшін жазалау емес, керісінше қателеспеуге көмектесу», - деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында.