Бас прокуратура: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді

Бас прокуратура: Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру процесі тыныш жағдайда өтіп жатыр. Сайлауға қатысты өтініштер мен талап-арыздар келіп түспеді. Онлайн телемарафон барысында өткен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов осылай мәлім етті, хабарлайды Elordainfo.kz.

Ерлан Жанпейсовтің айтуы бойынша, прокуратура органдарына ешқандай өтініш түскен жоқ. Соттарға да талап-арыздар келіп түскен жоқ. Тек үгіт жүргізуге қатысты бір заң бұзушылық тіркелді.

«Бүгін кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді фото-бейне жазбаға түсіру және тарату да үгіт болып табылады. Алайда бүгінде осындай заңның бұзылу фактісі анықталды. Бұл дерек бойынша Алматы тұрғыны ҚР ӘҚБтК 102-бабымен жауапқа тартылды. Ол кінәсін мойындап, жарияланымын алып тастады. Осыған байланысты біз барлық азаматты заңды сақтауға шақырамыз», - деді спикер.

Еске салсақ, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев онлайн-марафон аясында өткен брифингте қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі тіркелмегенін атап өтті.