ҚР ІІМ: Елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ

ҚР ІІМ: Елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ
фото: polisia.kz

Полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев онлайн-марафон аясында өткен брифингте осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

- Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ, – деді Шыңғыс Алекешев

Ресми өкілі полиция сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті. Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда ғана кіре алады.

Еске салсақ, Астанада үшем тәрбиелеп отырған ана сайлауда өз таңдауын жасады