Астанада үшем тәрбиелеп отырған ана сайлауда өз таңдауын жасады

Бүгін, 09:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада үшем тәрбиелеп отырған ана сайлауда өз таңдауын жасады
Фото: Думан Аманжол

Бүгін елімізде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Астанада сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Елорда тұрғындары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Сайлауға келгендердің қатарында үшемнің анасы Ботагөз Сүйіндікова да бар. Ол үшемдері Диас, Мирас және Ілияспен бірге №396 сайлау учаскесіне келді. Ботагөз бұл күннің отбасы үшін маңызды екенін атап өтті.

«Біз үшін бүгін – маңызды күн. Біз осымен екінші рет дауыс беріп отырмыз. Балаларым менен ерте тұрып, мені оятты. Өзіміз қалаған партияға дауыс бердік.
Көпбалалы ана ретінде жақсы жаққа үлкен өзгерістер күтемін. Әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты оң өзгерістер болса деймін.
Менің тағы бір үлкен қызым бар. Ал Диас, Мирас, Ілияс – үшем. Биыл олар бірінші сыныпқа барады. Бұл – біз үшін үлкен оқиға. Қазір балаларды мектепке барынша дайындап жатырмыз.

Ата-аналарға жаңа оқу жылы қарсаңында сабыр мен шыдам тілеймін. Жаңа оқу жылы балаларымыз үшін де, ата-аналар үшін де сәтті өтсін», – деді Астана тұрғыны Ботагөз Сүйіндікова.

Сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі жалғасып жатыр. Тұрғындар азаматтық таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты маңызды шешім жасады.