Бүгін Париждегі «Театр дю Шателет» театрында «Алтын допты» марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ерлер мен әйелдер арасындағы үздік ойыншы жүлдесінен бөлек, Раймон Копа (21 жасқа дейінгі үздік футболшы) және Лев Яшин (жылдың үздік қақпашысы) атындағы жүлделер де табысталады.
Тікелей эфир Қазақстан уақытымен 23:00-де басталады.
Айта кетейік, өткен жылы «Алтын допты» «Манчестер Сити» мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Родри алған болатын.