Қазақ-өзбек шекарасында 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұр
25 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақ-өзбек шекарасындағы «Тәжен» өткізу пунктінде 400-ден аса жүк көлігі кептелісте тұруының себебін атады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, жүк көліктері Қазақстан аумағынан шығуға кезекте тұр.
«Көлік ағынының артуына Өзбекстан Республикасында «Даут-Ата – Қонырат» автожолының ашылуы себеп болды, осыған байланысты жүк автокөлік құралдарының ағыны байқалады. Өткізу пунктінің жобалық өткізу қабілеті тәулігіне бір бағытта 150 жүк көлігін құраса да, қазіргі жөндеу жұмыстары кезінде «Тажен» өткізу пункті тәулігіне 200-250 жүк көлігінің өтуі қамтамасыз етілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
28 маусым, 2026
Астанада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
28 маусым, 2026
Creative Aimaq: Қобыланды Болат елордалықтарға ерекше концерт сыйлады
28 маусым, 2026
Астанада бір топ БАҚ қызметкері баспаналы болды
28 маусым, 2026
Астанада 1800-ден астам адам POLICE RUN-2026 бұқаралық жүгірісіне қатысты