Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барды
22 тамыз, 2024
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысын Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.
Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
9 мамыр, 2026
Президент Румен Радевті Болгария Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен әскери шеруге қатысты
9 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
8 мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақырды