Астаналық садақшылар әлемдік турнирде үздік атанды
Өзбекстанның Ташкент қаласында дәстүрлі садақ атудан Tashkent International Traditional Archery Competition халықаралық турнирі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жарысқа Түркия, Малайзия, Кипр, Өзбекстан, Ресей және өзге де елдерді қоса алғанда жеті мемлекеттен барған спортшылар қатысып, Qalqon Target және Anor Target нысаналары бойынша бақ сынады.
Халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Астана қаласының спортшылары жекелей сындарда жоғары нәтиже көрсетті:
Ербол Тапенов – «Қалқан» нысанасы, 50 метр – 1-орын;
Айкөркем Батихан – «Қалқан» нысанасы – 2-орын;
Айкөркем Батихан – «Анор» нысанасы – 3-орын;
Диас Ахметов – «Қалқан» нысанасы, 50 метр – 3-орын.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болып, бас жүлдені жеңіп алды. Екінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, үшінші орын Қырғызстан спортшыларына бұйырды.
Еске салсақ, Қазақстан бүркітшісі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.