Қазақстан бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
6-8 наурыз күндері Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында құсбегіліктен II әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы:
1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)
Айта кетейік, құсбегіліктен I әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Еске сала кетсек, былтыр қарашай айында Абай облысында республикалық құсбегілер турнирі өтті.