Астаналық полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалды

Бүгін, 17:34
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астаналық полицейлер әйелдің өмірін сақтап қалды
Фото: polisia.kz

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері көшеде есінен танып қалған әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға түсте Біржан сал көшесінде болған. Патрульдеу кезінде инспекторлар Диас Әбітбек пен Әділбек Разақов көшеде кенеттен құлап қалған әйелді байқап, бірден қасына барған.

Полицейлер жағдайды тез бағалап, әйелді қауіпсіз қалыпқа келтіріп, тыныс алуын бақылауға алған. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келгенге дейін қажетті көмекті үздіксіз жалғастырған.

«Куәгерлердің айтуынша, полицейлердің шапшаң әрі кәсіби әрекеті айналадағы адамдардың абдырап қалмауына ықпал еткен. Олар оқиға орнын бақылауда ұстап, артық адамның жиналуына жол бермей, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етті. Жедел жәрдем келген соң әйел медицина қызметкерлеріне тапсырылды», делінеді хабарламада.

Жедел жәрдем келген соң әйел дәрігерлерге тапсырылды. 

Оқиға куәгерлері Диас Әбітбек пен Әділбек Разақовқа шынайы алғысын білдіріп, олардың батыл әрекеті мен жанашырлығын ерекше атап өтті.

Еске салсақ, алаяқтық жасап, халықаралық іздеуде жүрген ер адам ШҚО-да ұсталды.