Астаналық оқушылар «Көк тудың желбірегені» челленджін орындады

Бүгін, 15:48
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық оқушылар «Көк тудың желбірегені» челленджін орындады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанадағы Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк тудың желбірегені» челленджін орындады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Патриоттық іс-шара барысында білім ордасының 350 оқушысы арнайы түсті киімдер киіп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының композициясын жасады. Челлендж барысында «Көк тудың желбірегені» әні орындалды.

Оқушылардың үйлесімді әрекеті мен ұйымшылдығы көк Тудың айшықты бейнесін қалыптастырып, елге деген құрмет пен сүйіспеншіліктің жарқын көрінісіне айналды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздердің маңызын дәріптеу және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру.

Бұл бастама оқушылардың елдік рухын көтеріп, Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің мәнін айшықтай түсті.

Еске сала кетейік, елордада «Рәміздерім – мақтанышым» атты көрме мен мәнерлеп оқу кеші өтті.