18.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық бүлдіршіндер түймеден Абай Құнанбайұлының портретін жасады

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астаналық бүлдіршіндер түймеден Абай Құнанбайұлының портретін жасады

|
Photo: Астана қаласы әкімдігінен

Астана қаласындағы №86 «Зияткер» балабақшасының бүлдіршіндері «Абай аманаты» жобасы аясында түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ақынның портретін әзірлеуге 560 түйме жұмсалды. Оларды балабақша бүлдіршіндері жапсырып шыққан.

Мұндай тағылымды жұмыс рухани құндылықтарды сезінуді үйретеді. Абай бейнесін құрастыру арқылы бала ұлттық мұраға, даналыққа, қазақтың ұлы тұлғасына құрметпен қарауды, шығармашылық ойлауды, ұқыптылық пен шыдамдылықты үйренеді. Түйменің түсін, орнын, ретін таңдау – қиял мен көркем көзқарасты дамытады.

Сол сияқты ұсақ моторика мен қол икемін жетілдіреді. Бұл баланың қол қозғалысын, дәлдігін, үйлесімділігін шыңдайды. Эстетикалық талғамды арттырады. Балалар әсемдікті сезінуді, түстерді үйлестіруді, көркем бейнені тануды меңгереді. Ұлы Абайдың рухани әлемін танып-білуге жетелейді.

Бейнесін жасаған сайын, баланың санасында Абай туралы сұрақ, қызығушылық, құрмет артады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗