Референдум-2026

Астанада «Заң түні» әлеуметтік акциясы өтеді

Бүгін, 08:45
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада «Заң түні» әлеуметтік акциясы өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 29 шілде күні «Заң түні» атты әлеуметтік акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін Koktal сауда-ойын-сауық орталығында (Н.Тілендиев даңғылы, 12а) өтеді.

Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік органдардың, Астана қаласы прокуратурасының және уәкілетті органдардың аумақтық департаменттері өкілдерінен құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады.

Мамандар азаматтарды толғандырған құқықтық сауалдарға жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.