Астанада су айдындарындағы қауіпсіздік шараcы күшейтілді
Астанада судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқарушылар күн сайын қаладағы су айдындарында профилактикалық рейдтер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Рейд барысында демалушыларға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылады. Сонымен қатар азаматтарға су айдынындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 364 және 412-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертіледі.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және шомылуға тыйым салынған жерлерге суға түспеуге шақырды.
Еске салсақ, Астанада құтқарушылар жеке тұрғын үйден табылған жыланды қала сыртына жіберді.