Астанада Серік Тұрғынбекұлының мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті

Астанада Серік Тұрғынбекұлының мерейтойына арналған шығармашылық кездесу өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «Өмірге өлең керек» атты шығармашылық кездесу өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап. 

Іс- шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.
Жиында сөз алған ақын Қалқаман Сарин ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтау хатын оқыды. Сонымен қатар Қазақстан Жазушылар одағы төрағасы Мереке Құлкеновтің құттықтау хаты оқылды.

Кеш барысында ақын өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, жыр оқылды, қаламгер шығармашылығына арналған естеліктер айтылды.  

Қатысушылар ақынның шығармашылық жолына тоқталып, оның ұлттық әдебиетке қосқан үлесін атап өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстан киносының күндері ауылдан басталды.