Астанада қонақ үйге жапсарлас салынған моншада өрт шықты
26 қаңтар, 2026
Каллаж: Elordainfo.kz // t.me/astana112_tjd
Астана қаласы Н.Оңдасынов көшесі бойындағы үш қабатты қонақ үй кешеніне жапсарлас салынған моншада өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz елордалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде саунаның бу бөлмесінде 10 шаршы метр алаңда өрт болғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - деді ведомстводан.
Бұған дейін елордада жанып жатқан жеке тұрғын үйден газ баллондары дер кезінде шығарылғанын, сонымен қатар қала ортасындағы көлік өртінің сөндірілгенін жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды