Елордада өртенген жеке тұрғын үйден газ баллондары дер кезінде шығарылды

Елордада өртенген жеке тұрғын үйден газ баллондары дер кезінде шығарылды
Каллаж: Elordainfo.kz // t.me/astana112_tjd

Астаналық өрт сөндірушілер жанып жатқан жеке тұрғын үй ішінен екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елордалық 112 пультіне «Сарыарқа» ауданындағы С. Қожахметов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер екі пәтерлі тұрғын үйдің шатырынан өрт шыққанын анықтады. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден екі газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, жарылыстың алдын алды. Шатыр мен жабынды ішіндегі өрт 253 шаршы метрді шарпыған. Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деді Астана қаласы ТЖД ӨСКҚ жедел кезекшісінің орынбасары Сабден Ебдельманов.

Бұған дейін астаналық құтқарушылардың қала ортасында жанып жатқан көлік өртін сөндіргенін жазған едік.