Астанада қала маңына қатынайтын екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Бүгін, 17:35
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада қала маңына қатынайтын екі автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы City Transpirtation Systems ЖШС-інің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz

«Құрметті жолаушылар!

№320, 323 қала маңы бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.

Өзгертілген қозғалыс сызбасы төменде көрсетілген.

Еске сала кетейік, Астанада Н.Тілендиев даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады.