«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының қызметкерлері Есіл ауданы Полиция басқармасының ювеналдық полиция инспекторымен бірге қаладағы №75 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Іс-шара барысында оқушыларға әкімшілік заңнама нормалары, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Жасөспірімдерді құқыққа қарсы әрекеттерге тартуға жол бермеу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Астана қаласының прокуратурасы жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты жалғастырады.
Астанада оқушылардың сұрағына қала прокуратурасының қызметкерлері жауап берді
15 мамыр, 2026
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 20:03
Мемлекеттік сатып алу жүйесі жаңарады: 2027 жылы не өзгереді
Бүгін, 17:42
Атырауда 6,5 мың жер пайдаланушының құқығы қорғалды
Бүгін, 15:59
Астанада автосалон директоры 128 млн теңгеден астам шығын келтіргені үшін сотталды
Бүгін, 14:05
Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды