Астанада мас адам лифт есігін теуіп сындырып, шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қалалық ТЖД мәліметінше, 4 қараша күні сағат 05:11-де елордалық ТЖД-нің «112» пультіне Нұра ауданындағы Сығанақ көшесі, 32-үй мекенжайында орналасқан тұрғын үй кешенінің лифтінде адамның қалып қойғаны және лифт қысып қалу салдарынан зардап шеккен болуы мүмкін деген хабарлама түскен.
Оқиға орнына жеткен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қол құралдарының көмегімен лифт есігін ашып, 1994 жылы туған ер адамды шығарып алды. Сондай-ақ лифт ішінде болған 1987 жылы туған ер адам да шахтадан шығарылып, медициналық тексеруге жіберілген.
«Құтқарушылар лифт қызметі өкілдерімен бірге лифт шахтасынан 1987 жылы туған ер адамды көтеріп шығарды. Ол кейін медициналық қызмет бригадасына тексеру үшін тапсырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.