Астанада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды

Астанада екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқиды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін елордада бірінші ауысымның 0-9-сынып оқушылары қашықтан оқитынын хабарлаған болатынбыз.