Астанада жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, С. Шәймерденов пен Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысында қозғалыс 5 мамыр күні сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін ішінара жабылады;
С. Шәймерденов пен А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында шектеу 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін жалғасады.
Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес берілді.
Еске салсақ, Астанада Н.Тілендиев даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.