«Астана-Талдықорған» бағытында тікелей жолаушылар пойызы іске қосылады

«Астана-Талдықорған» бағытында тікелей жолаушылар пойызы іске қосылады
Фото: Көлік министрлігі

9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

«№122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон — 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады. Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Жолаушылар басқа пойызға ауысып мінбей-ақ ыңғайлы сапар жасауына мүмкіндік береді», делінген хабарламада.

Қозғалыс күн ара жоспарланып отыр.