«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді

Бүгін, 08:53
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Астана – Семей» бағытында жаңа жолаушылар вагоны пайдалануға берілді
Фото: ҚТЖ

Көлік министрлігі «Астана – Семей» бағытындағы №121/122 жедел жолаушылар пойызы құрамына «Арай транс KZ» ЖШС ұсынған жаңа купелік жолаушылар вагонының қосылғанын мәлім етті. Жаңа вагон заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жасалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Вагонда жұмсақ әрі эргономикалық орындықтар, ауа кондиционерлеу жүйесі, бейнебақылау, экологиялық таза биодәретхана кешені, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен ноутбуктерді қуаттауға арналған USB және Type-C ұяшықтары қарастырылған.

2023-2024 жылдар аралығында «Арай транс KZ» ЖШС жылжымалы құрамды жаңарту аясында тағы үш жолаушылар вагонын (1 купелік, 2 плацкарттық) пайдалануға берді. Аталған шаралар теміржол паркін жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылуда.