Астана – Құлжа бағыты бойынша жаңа әуе рейсі ашылады
Астана – Инин (Құлжа) – Астана бағыты бойынша жаңа рейc іске қосылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz FlyArystan әуекомпаниясына сілтеме жасап.
Ұшулар 28 қазанда басталады. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Астанадан ұшу уақыты 07:55-те, ал Ининге жергілікті уақыт бойынша 13:20-да қону жоспарланған. Кері рейс Ининнен 15:20-да ұшып, Астанаға жергілікті уақыт бойынша 14:50-де қонады.
«Жаңа бағыт FlyArystan әуекомпаниясының Ининге орындайтын екінші бағыты болмақ. 2025 жылғы мамырда әуекомпания қазақстандық тасымалдаушылар арасында алғаш болып Алматы – Инин (Құлжа) бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашты. Алғашқы жылдың қорытындысы бойынша бағытқа тұрақты сұраныс байқалып, 2026 жылы рейстер жиілігі аптасына төрт ретке дейін арттырылды», - делінген хабарламада.
Астана – Инин рейсінің іске қосылуы FlyArystan әуекомпаниясының Қытайдағы халықаралық бағыттар желісін кеңейту жұмыстарының жалғасы саналады. 2026 жылы әуекомпания Астана – Үрімші рейстерін қайта іске қосып, сондай-ақ, Ақтау – Үрімші, Алматы – Сиань және Алматы – Чунцин жаңа бағыттарын ашты.
Барлық рейстерге билеттерді FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтында және мобильді қосымшасында брондауға болады.
Еске салсақ, Арқалық әуежайы IATA халықаралық кодын қайтарып алды.