Қазақстанда баламасы жоқ комьюнити орталық – қоғамдық мәдени спорт кешені биыл Астананың іргесінде орналасқан Қосшы қаласында ашылған еді. Бүгін Мәжіліс депутаттары аталған кешеннің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлады Elordainfo.kz «Ауыл» партиясының Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, қоғамдық мәдени-спорт кешенінде балалар робототехника, қолөнер, ән айту, графикалық дизайн жасау сынды үйірмелерге тегін қатысады. Қосшы тұрғындары үшін кешен ішінде кинозал бар.
Сондай-ақ волейбол, футбол, теннис алаңдары да қарастырылған.