10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды

|
Photo: Фото: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана – Бурабай курорты» бағыты бойынша қосымша электр пойызы іске қосылды

|
Photo: Фото: ҚТЖ

Туристер арасында танымал бағыттардың көлік қолжетімділігін арттыру және жолаушыларға жайлы жағдай жасау мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-1 – Бурабай курорты» бағытында №6811/6812 қосымша қала маңы электр пойызын жолға шығарды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Электр пойызы әр сәрсенбіде қатынайды. Астанадан сағат 11:00-де шығып, 13:35-те Бурабай станциясына жетеді. Кері бағытта пойыз 14:15-те жолға шығып, 17:00-де Астанаға оралады.

«Пойыз құрамында 4 вагон бар. Жолаушылар үшін 1, 2 және 3-сыныптағы қызмет көрсету түрлері қолжетімді. Вагондар кондиционерлермен, ауа тазарту жүйесімен, биоәжетханалармен, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы орындармен, ыңғайлы орындықтармен, велосипед қоятын орындармен және Vputi.kz медиапорталына қолжетімді тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қала маңы бағытындағы жолаушылар пойызына билеттерді жөнелтуге 10 күн қалғанда сатып алуға болады. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан комиссиясыз алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗