Арнайы жасақ олимпиадасында 4 қазақстандық команда үздік ондық қатарында
Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысында Қазақстан арнайы жасақтары командаларының жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша төрт командамыз үздік ондықта, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
«Мұнараға шабуыл» атты төртінші кезеңде біздің екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: «Kazakhstan В» алтын жүлдегер атанды, ал «Kazakhstan С» үшінші орынды жеңіп алды. 109 команда арасында бесінші орында «Kazakhstan А» құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан «Tomiris» қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр. Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр», делінген хабарламада.
«Kazakhstan С» - ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында «Kazakhstan А» сенімді тұр. «Kazakhstan В» мен «Tomiris» турнир кестесінің 12 және 13-орнында.
Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең, бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
Еске салсақ, SWAT Challenge - 2026 сайысының алғашқы күні қазақстандық командалар көш бастағанын хабарладық.

