Әр тілдің өз орны бар: Ғабит Тәжімұратов Тілдер күнінің мәніне тоқталды

Әр тілдің өз орны бар: Ғабит Тәжімұратов Тілдер күнінің мәніне тоқталды
Фото: instagram.com/tazhimuratovgabit

Астана қаласы мәслихатының депутаты Ғабит Тәжімұратов Қазақстанда тұратын барлық этностың тілі мен құқығына құрмет көрсетілетінін, әр тілдің қоғамда өзіндік орны бар екенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның сөзінше, Тілдер күнінің Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі де мерекенің мәнін арттыра түседі.

«Бүгінгі Тілдер күні – еліміз үшін маңызы зор мереке. Қазақстанда қаншама ұлт өкілі тұрады. Олардың барлығының да тілі мен құқығы қорғалған. Әр тілдің өзінің орны бар. Осы ретте елімізде әрдайым тыныштық болсын, тіліміз кеңейе берсін деп тілеймін», – деді Ғабит Тәжімұратов.

Депутат мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, қазақ тілінің өркендеуіне әр азамат өз үлесін қосуы қажет екенін атап өтті.

«Әрқайсымыз өзіміздің мемлекеттік тіліміздің, қазақ тіліміздің өркендеуіне үлес қосуымыз керек. Қазақ халқының тілін, мәдениеті мен құндылықтарын сақтайтын да, қорғайтын да – өз еліміз. Сондықтан туған елдің қадірін біліп, оның болашағына жауапкершілікпен қарауымыз керек», – деді ол.

Ғабит Тәжімұратов елдегі татулық пен тұрақтылықты басты құндылықтардың бірі ретінде атап өтіп, барша жұртқа амандық пен береке тіледі.

Айта кетейік, Қазақстан халқы тілдері күніне орай қаламгерлер арасында елордада қаламгерлер арасында дәстүрлі «Сөз бен сана» бильярд турнирі өтіп жатыр