04.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақтөбеде авиажөндеу зауытының жалған есеп схемасы әшкереленді

|
Photo: freepik.com
Ақтөбеде авиажөндеу зауытының жалған есеп схемасы әшкереленді
Фото: freepik.com

Ақтөбеде авиажөндеу зауытының жалған есеп схемасы әшкереленді

|

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Авиажөндеу зауыты №406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, әуе кемелерін жөндеуге арналған тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.

МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуе кемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу оның бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген.

Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған.

Кейіннен олардың пайдаланылғанын формалды түрде растайтын есептен шығару актілері бекітілген.

«Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады. Сот санкциясымен күдіктіге тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Astana Rich Village тұрғын үй кешенін салған компания басшылығына қатысты тергеу аяқталғанын жаздық

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗