03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Astana Rich Village тұрғын үй кешенін салған компания басшылығына қатысты тергеу аяқталды

|
Photo: Видеодан алынған скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Astana Rich Village тұрғын үй кешенін салған компания басшылығына қатысты тергеу аяқталды

|
Photo: Видеодан алынған скрин

Қаржы мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзен көлік құрастыру зауыты» ЖШС басшылығына қатысты азаматтардың қаражатын үлескерлік құрылыс ретінде заңсыз тарту фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жыл бойы компания басшылығы Жаңаөзен қаласында Astana Rich Village тұрғын үй кешенінің құрылысын қажетті рұқсат құжаттарынсыз, жобалық-сметалық құжаттамасыз, мемлекеттік сараптама мен авторлық қадағалаусыз жүргізген.

Азаматтардың қаражатын тарту мақсатында түрлі интернет-ресурстарда пәтерлердің нарықтан төмен бағамен сатылатыны туралы жарнама орналастырылған.

Нәтижесінде 23 азаматпен жалған алдын ала сатып алу-сату шарттары жасалған. Заңсыз тартылған қаражаттың жалпы көлемі 303 млн теңгеден асты.

Түскен ақша құрылыс материалдарын сатып алғандай көрініс жасап, кәсіпорын кассасынан қолма-қол ақшаға айналдырылып, шын мәнінде жеке қажеттіліктерге жұмсалған.

Тұрғын үй құрылысы аяқталмаған.

Залалды өтеу және жәбірленуші үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі мүлікке, яғни тұрғын үй, пәтер, 2 автокөлік және 3 жер учаскесіне тыйым салынды.

Күдіктілердің бірі қамауға алынып, екіншісіне бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Қытайдан 100-ден аса контейнерді елімізге заңсыз жолмен кіргізген кәсіпкерлердің сотталғанын жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗