Шалқар қаласында 20 наурыз күні түнде жастар төбелесіп, жанжал кезінде 17 жастағы жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандардың арасындағы төбелестен жасөспірімнің көз жұмуына байланысты қазір қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысы барлардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
«Барлық тұлғаның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады», делінген хабарламада.
Тергеу барысын облыстық полиция департаментінің басшылығы бақылауына алды.