«Ақша балаға беріледі» қағидаты қосымша білім беру саласындағы 170 сәйкес келмейтін ұйымды анықтауға мүмкіндік берді

Бүгін, 17:31
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Ақша балаға беріледі» қағидаты қосымша білім беру саласындағы 170 сәйкес келмейтін ұйымды анықтауға мүмкіндік берді
Фото: Үкімет

Қазақстанда бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі және қосымша білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігі енгізілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ақша балаға беріледі» қағидатын енгізу бойынша бірқатар өңірде балалар контингентіне толық түгендеу жүргізілгенін атап өтті.

«Пилоттық жоба аясында дербес түгендеу жүргізілді, қайталанатын жазбалар анықталды. Жеткізушілердің қызметін талдау білім беру бейініне сәйкес келмейтін 170 ұйымды анықтауға мүмкіндік берді», - деп атап өтті вице-министр.

Бұдан бөлек, кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі тапсырманы жүзеге асыру үшін «Ұстаз» платформасы іске қосылды, ол арқылы еліміздің 24 мың білім беру ұйымдарының педагогтері аттестаттаудан өтеді.

Еске салайық, бұдан бұрын Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралғанын жаздық.