Ақпараттық технология қарқынды дамыған кезде дербес деректерді қорғау ерекше маңызға ие - сарапшы

Ақпараттық технология қарқынды дамыған кезде дербес деректерді қорғау ерекше маңызға ие - сарапшы
Фото: t.me/aqparatqogam

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаң аясында пікір білдірген сарапшы, журналист Нұрбек Матжани заманауи мүмкіндіктер мен тәуекелдерге тоқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында адамдардың жеке өмірі мен дербес деректерін қорғау мәселесі ерекше маңызға ие болып отыр.

«Күнделікті қолданатын ұялы телефонымыздың өзінде көптеген жеке ақпарат сақталады. Технологиялар дамып, жасанды интеллект кеңінен енгізілген сайын, жеке деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі арта түсуде. Бұл мәселелер жаңа Конституция жобасында ескерілген. Яғни құжаттың мәтіні заманауи талаптарды, ықтимал қатерлер мен тәуекелдерді есепке ала отырып әзірленген», - деді Нұрбек Сейілханұлы.

Сарапшы өзекті мәселелердің бірі – авторлық құқықтың қорғалуы мен құқықтық тетіктері де жаңа Конституцияда назардан тыс қалмағанын атап өтті.