Ақмолада кәріз құдығына түсіп кеткен жылқы қалай құтқарылды

Ақмолада кәріз құдығына түсіп кеткен жылқы қалай құтқарылды
Каллаж: Elordainfo.kz / ТЖМ

Өткен түні Ақмола облысы Жібек жолы ауылында құтқарушылар суға толы терең құдыққа түсіп кеткен жылқыны құтқарып алып шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

112 пультіне хабарлама түскен соң құтқарушылар оқиға орнына жедел түрде шыққан.

ТЖМ құтқарушыларының және жергілікті тұрғындардың үйлесімді әрі белсенді әрекетінің арқасында жылқы құтқарылды.

«Құтқару үшін арнайы жабдықтар, ауыр техника мен арқан пайдаланылды. Құтқарушылар жануарды шығарып, иесіне тапсырды.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбеде құтқарушылар мал бағуға кетіп, адасқан ер адамды тапқанын жазған едік.