Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтардан заңсыз ұсталған салықтар қайтарылды

Бүгін, 10:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтардан заңсыз ұсталған салықтар қайтарылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысың прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың жеке табыс салығын ұстау кезінде олардың құқықтары жүйелі түрде бұзылғанын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Салық заңнамасында I, II және III топтағы мүгедектігі бар адамдар жылдық табысы айлық есептік көрсеткіштің 882 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда жеке табыс салығын төлеуден босатылатыны көрсетілген.

Алайда, заңның тікелей талаптарына қарамастан, жекелеген ұйымдарда мұндай қызметкерлердің жалақысынан салық негізсіз ұсталған», - делінген хабарламада.

Прокурорлар 344 мүгедектігі бар азаматтың құқықтарын қалпына келтіріп, оларға заңсыз ұсталған 12,8 млн теңгеден астам сома қайтарылды.

Бұған дейін Алматыда 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылғанын жаздық.