Алматыда 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы «Қазақстан мәдениет зерттеу институты» ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
«Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды», - делінген хабарламада.
Бас прокуратура мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұрғанын және әрі қарай жалғасатыны туралы айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда балалар үйі тәрбиеленушілерінен 10 миллион теңге бопсалаған топтың қылмысы әшкере болғаны туралы жаздық.