Ақмолада Қорғалжын ауданындағы ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту басталды

Бүгін, 09:12
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ақмолада Қорғалжын ауданындағы ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту басталды
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су шаруашылығы комитеті Нұра топтық су құбырын кешенді реконструкциялау аясында Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы ауылдық елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын іске асыруды бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында магистральды су құбырынан Алғабас, Қараегін, Қарғалы, Жантеке, Майшұқыр және Абай ауылдарына тартылатын тармақтарды салу көзделген. Сонымен қатар Жантеке мен Қараегін ауылдарында су құбыры нысандарының алаңдарын салу жоспарланып отыр.

«Бұл ауылдар Нұра топтық су құбырының магистральді бөлігінен тартылған тармақтардың тозуына байланысты ауыз су беруде тұрақты қиындықтарға тап болып отыр. Қазіргі таңда мердігер ұйым ор қазу және құбырларды дәнекерлеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады», - деді СРИМ Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаев.

Еске сала кетсек, Астана қаласы тәулігіне қанша мөлшерде ауыз су қолданатынын жаздық.