Анасын пышақтады деп күдіктелген қазақстандық Вьетнамнан экстрадицияланды
Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі Интерпол ҰОБ-сы қызметкерлері Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігінің жәрдемдесуімен аталған елден денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалағалау органына сілтеме жасап.
Ол былтыр қараша айында өз үйінде мас күйде болып, сөзге келіп қалып, анасына бірнеше рет пышақтаған деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жауапкершіліктен жалтару үшін қылмыстық қудалау органынан бой тасалап, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.
Оны құқық қорғау органдары Вьетнам аумағында жүргенін анықтап, маусым айында ол Дананг қаласында ұсталды, содан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оған қылмыс жасағаны үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Еске салсақ, халықаралық іздеудегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі Кореядан елге қайтарылды