Алматыда Үндістан азаматтары өз жерлестерін кепілге алған
Алматы полицейлері шетел азаматтарын ұрлау дерегін әшкереледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қылмысты Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ашты. Полицияға консулдық қызмет азаматтары кепілге алынғанын хабарлаған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, Үндістанның екі азаматын Алматы қаласының аумағында белгісіз тұлғалар күшпен ұстап отырған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің де Үндістан азаматтары екені анықталды. Олар өз отандастарын алдау арқылы Алматы қаласына шақырып, қылмысты алдын ала жоспарлаған. Кейін жәбірленушілердің қол-аяғын байлап, заңсыз ұстап отырған», делінген хабарламада.
Күдіктілер кепілге алған отандастарын бейнежазбаға түсіріп, туыстарына жіберу арқылы ақша талап еткен.

Еске сала кетсек, семейлік жасөспірім скинхед сотталды.