Алдағы үш күннің ауа райы: Біртіндеп жылына бастайды
Синоптиктер 3–5 қыркүйектегі ел аумағындағы ауа райына жасаған болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысымның жоғарылау аймағы қалыптасып, ауа райы негізінен құрғақ әрі аз бұлтты болады. Суық ауа массасының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп жоғарылай бастайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақыттағы ауа райы салқын болады», делінген болжамда.
Алайда, еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасының жоғарылайды: батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте +28…+33°С;
солтүстікте, шығыста және Қазақстанның орталығында +23…+30°С;
оңтүстік-шығыста +20…+27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда +10…+15°С.