Республика күніне жеңілдіктер: Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды

Республика күніне жеңілдіктер: Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Республика күні қарсаңында елімізде мерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді. 17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталды, мұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың  біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болмақ. Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелікжеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді. Тұтынушылар азық түлік және азық түлік емес тауарларды тиімді бағамен сатыпалу мүмкіндігіне ие болады.

Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымалсауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына «MEGA Silk Way», «Хан Шатыр», Алматыда  «MEGA Alma-Ata», «MEGA Park» және «Forum Almaty», Шымкентте - «Mega Planet» пен «Shymkent Plaza» сауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағыарнайы ұсыныстар «Magnum», «SMALL», «Астықжан» және «GraMad» сауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады.

Жалпы республикалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап,  өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды.

Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады.