9 млн сайлаушы дауыс берді, бұл тізімдегілердің 72,1 пайызы - ОСК

9 млн сайлаушы дауыс берді, бұл тізімдегілердің 72,1 пайызы - ОСК
Фото: Оңалхан Өнерхан

Орталық сайлау комиссиясы сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты мәліметті жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. 

Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ы. Сонымен қатар, сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды.

Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысу үлесі:

1. Астана қаласы бойынша – 49,87%.
2. Абай облысы бойынша – 77,54%.
3. Ақмола облысы бойынша – 78,95%.
4. Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%.
5. Алматы облысы бойынша – 70,04%.
6. Атырау облысы бойынша – 69,05%.
7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%.
8. Жамбыл облысы бойынша – 83,99%.
9. Жетісу облысы бойынша – 89,69%.
10. Қарағанды облысы бойынша – 74,78%.
11. Қостанай облысы бойынша – 75,31%.
12. Қызылорда облысы бойынша – 88,09%.
13. Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%.
14. Павлодар облысы бойынша – 69,99%.
15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%.
16. Түркістан облысы бойынша – 90,17%.
17. Ұлытау облысы бойынша – 68,23%.
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%.
19. Алматы қаласы бойынша – 41,06%.
20. Шымкент қаласы бойынша – 71,89%.

Фото: Орталық сайлау комиссиясы

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Таиланд және Вьетнамда шетелдік сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі.