08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

31 желтоқсанда елордада қандай іс-шаралар өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

31 желтоқсанда елордада қандай іс-шаралар өтеді

|
Photo: Фото: Астана қаласы әкімдігінен

31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың сегіз жерінде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңа жылдық концерттер өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Алматы» ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, «Байқоңыр» ауданының «Ататүрік» саябағының аумағында, «Нұра» ауданындағы Орталық саябақта және «Сарыарқа» ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.

«Сарайшық» ауданында «Промышленный» тұрғын алабында жаңа жылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш орнында мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты «Заман» және «Меломен» топтары және басқа да әртістер қатысады.

Айта кетейік, 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен мерекелік жаңа жылдық отшашу іске қосылады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗