Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді

30 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Астанада жаңа жылға арналған отшашу қайда өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік жаңа жылдық отшашу іске қосылады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, «Промышленный» тұрғын алабы және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.