05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

|
Photo: www.instagram.com/kff_team
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

|
Photo: www.instagram.com/kff_team

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы дәл қазір Астана Аренада 2026 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу кезеңінің кезекті ойынын өткізіп жатыр.

“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты” - Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнмен ойынды өте сәтті бастады. Бельгиямен ойындағы жеңілістен соң нбас бапкерін ауыстырып, Талғат Байсуфиновты тізгінге қойған ұлттық құрама Лихтенштейн құрамасын өз алаңында қабылдап жатыр.

Ойынның 26-минутында “Елім-ай” клубының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек көп ішінен суырылып шығып, қарсылас қақпасына доп салды.

Көп ұзамай, Ғалымжан допты қарсылас айып алаңына кіргізіп, қақпаға жақын жүрген Бахтиор Зайнутдиновке нәтижелі пас бере білді. 28-минуттағы екінші голдың авторы ұлттық құрамадағы бомбардирлердің бірі Бахтиор Зайнутдинов болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 3 минуттың ішінде өз пайдасына 2 бірдей гол салды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗