293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды – Жоғары аудиторлық палата
Бұзушылықтарды анықтау, тапсырмалар беру, олардың орындалуын қадағалау бойынша Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы атқарған жұмыстарды ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет қаражаты мен мемлекет ресурстарының тиімді пайдаланылуы мәселесіне ерекше назар аударады.
«Елімізде осы мақсатта мемлекеттік аудит жүйесінде дәйекті түрде реформалар іске асырылып, жүйе күшейіп келеді, цифрлық мониторинг технологиялары енгізілуде, халықаралық тәжірибеге талдау жүргізіліп, қолданылуда. 2025 жылы аудиторлар мемлекеттік саясаттың, экономиканың және қоғамдық өмірдің негізгі бағыттарын қамтитын ондаған кешенді және салалық тексеру жүргізді», - деп жазылған Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
250 объектіні және 74 трлн теңгені қамтыған 32 ірі тексеру жүргізілді. 2,9 трлн теңгеден астам сомаға түрлі бұзушылықтар анықталды.
Қазірдің өзінде мемлекет пайдасына 365 млрд теңге өтеліп, қалпына келтірілді. 293 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Аудит қорытындылары бойынша 44 материалды құқық қорғау органдарына беру туралы шешім қабылданды.
ҚР Үкіметі мен аудит объектілеріне 132 ұсыным және орындалуы міндетті 1,4 мың нақты тапсырма жіберілді.
2025 жылы жүргізілген Жоғары аудиторлық палатаның жұмысы елімізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және бюджет қаражатын пайдалануды жақсартуға елеулі үлес қосты:
1)Аудиторлық іс-шаралар
2)Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамалары
3)Бұзушылықтар үшін жауаптылық
4)Мемлекеттік аудит жүйесін дамыту
5)Digital-трендтерді дамудың негізгі бағыты ретінде басшылыққа алу
6)Заңнамалық өзгерістер
7)Аудиторлық дипломатия
8)2026 жылға жоспар.
Бұған дейін Астана қаласы Әділет департаменті 2025 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылағанын жаздық.