26 млн теңгеден астам жалақы бойынша берешек өтелді
20 қаңтар, 2026
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ақмола облысы Атбасар аудан прокуратурасы атқарған жұмыстардың нәтижесінде 156 азаматқа жалақы бойынша берешек өтелді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратурғаға сілтеме жасап.
«Атбасар су» ШЖҚ мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерінің жалақының уақытында төленбеуі фактісі бойынша Атбасар ауданы прокуратурасына өтініш қалдырды. Соған байланысты 2025 жылға арналған еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізілді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде 156 қызметкерге 26 млн теңге жалақы бойынша қарыз толық өтелді.
Бұған дейін Ерейментау ауданы прокуратурасының араласуынан кейін мұғалімдерге еңбекақы қарызы өтелгенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
7 тамыз, 2026
Бурабайда «100 Sarbaz» әскери реалити-шоуы басталды
6 тамыз, 2026
Әскери полиция қызметшілері дене даярлығы бойынша сынақтан өтті
6 тамыз, 2026
Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінде 40-қа жуық егіздер қызмет етіп жүр
6 тамыз, 2026
Ерлан Исмағұлов: Ұжымдық шарт – өзара іс-қимылдың құқықтық негізі