14 тонна қауіпті күнбағыс тұқымы Беларуське кері қайтарылды - АШМ
Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау мемлекеттік инспекторлары қауіпті өнімнің ішкі нарыққа енуінің жолын кесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Беларусь Республикасынан (шығарылған елі — АҚШ) жеткізілген көлемі 14,3 тонна күнбағыс тұқымын тексеру барысында онда күнбағыс фомопсисі анықталды.
Бұл ауыл шаруашылығы дақылдары үшін айтарлықтай қауіпті, ол өнім түсімінің азаюына және өнім сапасының төмендеуіне соқтырады.
«Өнім иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді», - делінген хабарламада.
Зиянды өнімдердің ел аумағына өтуіне жол бермеу, шекарадағы фитосанитариялық бақылауды күшейту жолында жұмыстар жалғасуда.
Еске салайық, бұған дейін ғалымдар мал өнімділігін арттыратын табиғи ақуыздық жаңа жем түрін әзірлеп жатқаны туралы жаздық.